Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көлік

Жол инфрақұрылымын жаңғырту: Шымкент дамуының жаңа кезеңі

Шымкент – елдің мегаполисі, экономикалық және демографиялық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан қала. Халық санының өсуі, автокөліктердің көбеюі және жаңа шағынаудандардың кеңеюі жол инфрақұрылымын заманауи әрі сапалы деңгейде дамыту қажеттілігін арттырып отыр. Соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі және кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіліп, жол саласы мегаполис дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналды.

Қаланың жалпы жол қоры: ауқымды даму

Бүгінде Шымкент қаласының жол қоры 3 846,7 км құрайды, оның ішінде:

  • 3 566,7 шқ – асфальтобетонды жолдар;
  • 249 шқ – шағылжолдар;
  • 31 шқ – топырақ жолдар.

Стратегиялық жобалар: транзиттік әлеуетті арттыру

Көлік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында қалада жалпы ұзындығы 42,4 шқ болатын 19 ірі жоба іске асырылуда. Бұл бағыттардың барлығы мегаполис үшін стратегиялық маңызға ие.

Д. Қонаев даңғылын жалғасын салу

  • Ұзындығы — 16,3 шқ.
  • Қазіргі уақытта 2-ші және 5-ші кезеңдердің құрылысы жүріп жатыр.
  • 2-кезең толық аяқталды.

Бұл жоба қаланың орталығын жаңа тұрғын аумақтармен байланыстыратын жаңа транзиттік магистраль қалыптастырудағы маңызды қадам.

А-2 автомобиль жолын қайта құру

  • Жалпы ұзындығы — 31 шқ, 8 кезеңнен тұрады.
  • 1–4 кезеңдері аяқталған.
  • 5–8 кезеңдер бойынша құрылыс белсенді жүргізілуде.
  • Жыл соңына дейін 6-, 7- және 8-кезеңдерді аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Жобаның іске асырылуы транзиттік ағымдарды қайта бөлуге және индустриалды аймақтардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Балама бағыттар: көлік жүктемесін азайту

Қаладағы негізгі көшелердегі қозғалысты жеңілдету үшін жаңа көлік байланыстары салынуда:

  • Алтынсарин, Қазиев, Аксүмбе, Шұбаркөл көшелері;
  • Алатау батыр – Абылай хан көшелерін қосу;
  • Момынов және Тіленшин көшелері арқылы теміржол өткелдерін салу.

Бұл шаралар бірнеше аудан арасындағы көлік қатынасын едәуір жақсартады.

Жаңа жолдар мен күрделі жөндеу

Пайдалануға берілген нысандар:

  • Асар – Shymcity бағытындағы жаңа жол;
  • Жандосов көшесінің жалғасы;
  • Қызылсай шағынауданына кіреберіс жолдар.

Сонымен қатар:

  • 1 көпір және
  • 6 көше, жалпы ұзындығы 17,1 шқ толық жөнделді.

Жөндеуден өткен көшелер: Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа Қоныс, Ізенді, Ю. Сареми, Жаңақұрылыс, сондай-ақ Қойкелді батыр көшесіндегі көпір.

Қазан айында әуежайдың жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы басталды. Бәйдібек би – Төлеметов көшелері қиылысындағы жолайрық жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімінде.

323 көше – орташа жөндеу

Жалпы ұзындығы 201 шқ болатын 323 көше орташа жөндеуден өтті.

Шалғай аумақтардағы жағдайды жақсарту үшін:

  • 637 шқ жолды асфальттау жоспарланған,
  • есепті кезеңнің 10 айында оның 559,9 шқ-на асфальт төселді.

Жаяу жүргінші қауіпсіздігі – басым бағыт

Қауіпсіздікті арттыру мақсатында:

  • 201 жаяу жүргінші өткелі жарықтандырылды;
  • 1 000 шқ жол таңбасы жаңартылды;
  • 3 шқ шу жолағы салынды;
  • 64 өткелде батырмалы бағдаршам орнатылды;
  • 27 өткелде белсенді жаяу жүргінші жүйесі енгізілді.

Қосымша:

  • 80 шқ тротуар салынды;
  • 310 жол құдықшалары ауыстырылды.

Қала жарықтандыруы: 100% қамту

Жыл соңына дейін сыртқы жарықтандыру жұмыстары толық аяқталады:

  • 2 291 көшенің 1 985-іне жарық шамдары орнатылды;
  • Қалған 306 көше жыл соңына дейін жарықтандырылып, қалада 100% жарықтандыру деңгейіне қол жеткізіледі.

ITS – интеллектуалды көлікті басқару жүйесі

Қозғалысты оңтайландыру мақсатында:

  • 85 бағдаршам интеллектуалды көлік жүйесіне (ITS) қосылды;
  • 31 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды.

Қаладағы барлығы 390 бағдаршамның 331-і ITS жүйесінде жұмыс істейді.

2024–2025 жылдары қаладағы бірқатар маңызды қиылыстарда (Тұран, Таңбалытас, Кенжарық және т.б.) оңға бұрылу қалталары салынды және бес негізгі көшеде қосымша жолақтар ұйымдастырылды.

Қорытынды: Шымкент – болашаққа нық қадам

Жол инфрақұрылымын ауқымды жаңарту тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, мегаполистің экономикалық әлеуетінің өсуіне серпін беруде. Жүзеге асырылып жатқан жобалар Шымкенттің көлік жүйесін жаңа деңгейге шығарып, тұрақты дамудың берік негізін қалайды.

Шымкент заманауи, қолайлы және қауіпсіз қалаға айналып, өркендеуге бағытталған дамуын сенімді түрде жалғастыруда.

 

Документы
Ақпарат
20 января 2026
Шымкент қаласында 2024–2025 жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды нәтижелерге қол жеткізілді.
Ақпарат
20 января 2026
Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік жүйесінің дамуы және автобус паркінің жаңаруы
Жоба
26 октября 2020
Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

akimat_shymkent

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы