
Шымкент қаласының медициналық ұйымдар желісіне 36 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 13 емхана, 15 стационар, 1 диагностикалық орталық, 7 басқа бейіндегі ұйымдар.
Денсаулық сақтау саласынның міндеттері:
1) ана мен бала денсаулығын нығайту;
2) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салмағын төмендету;
3) салауатты өмір салтын дамыту;
4) медициналық көмектің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру;
5) медициналық мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Халық үшін БМСК ұйымдарының қолжетімділігі және қаланың стационарлық ұйымдарының жағдайы бойынша ағымдағы жағдай талданды. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымының жағдайын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар әзірленді.
Сонымен қатар, жоспарланған жобалардың ішінен ПЭТ/КТ орталығын, маммологиялық орталықтарды, эфференттік терапия орталығын құруды атап өткім келеді. Барлық осы жобалар бойынша қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Барлық мемлекеттік медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Медициналық құжаттаманың 121 нысаны электрондық форматқа ауыстырылып, қағазсыз құжат айналымы жүргізілді. Қала бойынша мемлекеттік МҰ – ға 902 278 тұрғын тіркелген, оның ішінде толтырылған электрондық денсаулық паспорты - 100%.
Қала тұрғындарына 3212 дәрігер, 8266 орта медициналық қызметкерлер медициналық көмек көрсетеді. Шымкент қаласы бойынша дәрігерлердің тапшылығы - 79 дәрігер, негізінен жекелеген мамандықтар бойынша (акушер-гинекологтар, реаниматологтар, неонатологтар, ЖТД, гастроэнтерологтар).
Жалпы медицина кадрларын оқытуды 3 деңгейде жүргізу жоспарланып отыр: шетелдік, республикалық, жергілікті. Шетелдік оқу-жаттығулар қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету арқылы арнайы мастер-класс ретінде ұйымдастырылатын болады. Бұл бағытта Израиль, Түркия, Германия клиникаларынан халықаралық деңгейдегі жетекші мамандар шақырылады.