Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
  Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарына қоғамдық кеңес мүшесінің қатысуымен өткізілген жария талқылаудың  ХАТТАМАСЫ

 

Шымкент қаласы                                                       «18»  маусым 2026 жыл

 

          Төрағалық еткен: Басқарма басшысының орынбасары
(жұмыс тобының жетекшісі) – Д.С. Асылхан

 

          Қатысқандар: Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының 2026 жылғы 6 мамырдағы №4 н/қ бұйрығымен құрылған жұмысшы тобының мүшелері және Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Акишев Омарбекұлы және Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Қозыбақов Тұрлыбек Өмірбекұлы шақыртылған.

 

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарына өткізілген жария талқылау

 

(М.Акишев, Т.Қозыбақов, Д.Асылхан, Б.Жұмахан, Д.Байтенов, С.Исабеков,

Б. Ерсайын)

 

- Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының мемлекеттік қызметтерді талдау және жиынтық-аналитика бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы – Б.Ерсайынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасын баяндап, толықтай түсіндіріп өтті.

- Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің және қоғамдық кеңесінің мүшесі Т.Қозыбақовтың, Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының жұмысшы тобымен әзірленген анықтамаға ұсыныс білдірді, атап айтқанда:

  1. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қағидаларын сақтауды, бұл жөнінде тікелей басшылар тарапынан қарамағындағы қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, күнделікті тексеру барысындағы іс-әрекеттері қадағалауға алынсын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық іс әрекеттерін болдырмау мақсатында әр тоқсан сайын жалпы құқықтық сабақтар өткізілсін.
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша, кірістер мен мүлкі туралы декларацияны мерзімінде тапсыруына, және кәсіпкерлікпен айналасуға шектеу көзделгеніне, мемлекеттік қызметшілерге өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдалануы кірістер алуға әкелетін өзгеде мүлікті мемлекеттік қызметі өткеру уақытында заңнамада белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің материалдық жауапкершілігі мәселелеріне қатысты тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру мәселесіне құқықтарының қорғаулы қатаң бақылауға алынсын.
  3. Жұмыс уақыты режимінің сақтаулы қатаң бақылауға алынып, бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған шаралар қабылдансын.
  4. Еңбек заңнамасын сақтауға, үстеме жұмысқа негізсіз таратуға жол бермеуге бағытталған тиісті жұмыстар жүргізілсін.
  5. Осы, талдамалық анықтаманы жария талқылау жүргізілгеннен кейін басқарма басшысына ұсынып, басқарманың ресми интернет ресурсында жариялауды жұмыс тобының хатшысы қамтамасыз етсін.

 

 

 

Басқарма басшысының орынбасары                                             Д. Асылхан

    (жұмыс тобының жетекшісі)    

 

 

Мемлекеттік қызметтерді талдау және                                        Б. Ерсайын

жиынтықтық аналитика бөлімінің бас маманы

    (жұмыс тобының хатшысы)

 

Тізім бойынша

 

№

АТЖ

ЛАУАЗЫМЫ

ҚОЛЫ

1

Асылхан

Дамир Сабитұлы

Басқарма басшысының орынбасары

 

2

Жұмахан

Бағлан   

Бөлім басшысы

 

3

Исабеков

Саят Талғатұлы

Бөлім басшысы

 

4

Байтенов

Дәулет

Бөлім басшысы

 

5

Ниязкулов Муроджон Каримжанович

Бас маман

 

6

Байсеитова Гулима Макулбековна

  Бас маман

 

7

Ерсайын

Бақытжан Ерғазыұлы

 Бас маман

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы