ТІЛ ЗАҢЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

ТІЛ ЗАҢЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстарын жүргізудің кестесіне сәйкес, Еңбекші ауданы әкімі аппараты қоғамдық келісімнің өкілдерімен бірлесіп Базарқақпа тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптары көрсетілген арнайы брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған түсіндіру бойынша: Көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен жазылуы тиіс: мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекті ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін.
Бұл жағдайда әріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Аталған талаптардың сақталмауы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Осыған орай, кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекті ақпарат мәтінін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
https://www.instagram.com/p/CsS4E2At1_K/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==