Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар


Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шараның
МӘЛІМЕТІ
21 мамырда жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтеді.
Жалпы 2013 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп бекітілген болатын. Содан бері Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкері кәсіби мерекесін дәл осы күні атап өтеді.
2023 жыл 23 мамыр күні сағат 18.00-де Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс- шара өтті.
Іс-шара театр алдында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелердің далалық көрме инсталациясының таныстырылымымен бастау алып, Театрдың ішкі фойесінде қалалық театрлардың шығармашылық қызметкерлері мен қалалық мәдениет үйі әншілері жанды дауыста ән шырқап құрметті қонақтарды қарсы алды.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен (15), «ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Ораловтың Алғыс хатымен (3 мекеме), Қала әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хатымен (12) марапаттады.
Кеш соңында «Оркестрлер шеруі» музыкалық композициясы тарту етілді.
«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының Қазақ халық аспаптар оркестрі, Бас дирижері Халықаралық байқаулардың лауреаты Жамбыл Мейірбеков, Шымкент қалалық опера және балет театры синфониялық оркестрі, дирижері Мәди Өмірзақ,«Шымкент Цирк» мекемесінің эстрадалық оркестрі көркемдік жетекшісі және дирижері: Жандос Аппазов, Солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Қазақстан мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова, Эстрадалық оркестр әншісі Диана Хашимханова өнер көрсетті.




08 маусым 2023
2023 жыл 23 мамыр күні сағат 18.00-де Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс- шара өтті.
Мәдениет күндері