«Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры» МКҚК
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласында халыққа ұлттық театр өнері арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды жеткізу, бабалар аманаты – төл дәстүрімізді жастар санасына сіңіру, ұрпағымызды ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу, әлемдік және отандық көрермен сұранысына сай туындыларды драма театрында сахналау болып табылады.