«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚК

2018 жылы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылуына байланысты, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына өтті. 

Орталықта «Достық», «Салт-дәстүр» және Мәжіліс залдары орналасқан.

Жалпы ауданы – 940,0 шаршы метр, «Достық» залы 192,79 шаршы метр, «Ұлттық салт-дәстүр» залы 158,65 шаршы метр, Мәжіліс залы  207,65  шаршы метрді құрайды.

Орталық қызметкерлерінің жалпы саны — 37. Шығармашылық қызметкерлер — 20, әкімшілік ұйымдастырушылық қызметкерлері — 4, техникалық қызметкерлер -12 адамнан тұрады.

Әдет ғұрып салт дәстүр орталығының қызметінің мақсаты өңірдегі салт-дәстүрге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, насихаттап таныстыру және әдістемелік құралдар шығарып тарату.