«Әл-Фараби» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ
«Әл-Фараби» ғылыми-әмбебап кітапханасы 2013-2017 жылдар аралығында облыс аумағындағы 424 кітапханалар желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда кітапхана Республикалық маңызы бар Шымкент қаласының балансына өтіп, үшінші мегаполистегі ең ірі ақпараттық мәдени орталығына айналып отыр.