Ақылды квартал
Сипаттамасы
Жоба бойынша жылу, ауыз су, электр желілеріне деректерді қашықтықтан беру үшін "Е-SHANYRAQ" ақпараттық жүйесіне қосылып, жалпыға қол жетімді сандық құрылғыларды орнату көзделеді. Коммуналдық мекемелер қала аумағында орналасқан 2094 көп қабатты тұрғын үйлерде деректерді қашықтықтан беру құралдарын "Е-SHANYRAQ"бірыңғай ақпараттық жүйесіне орнату және қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мақсаты
Көп қабатты тұрғын үйлерде деректерді беру және "E-Shanyrak" ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы үйге ортақ есептеу құралдарын орнату, қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету, нақты уақыт режиміндегі мониторинг, тұтынуды үнемдеу және көрсеткіштерді автоматты жинау нәтижелеріне қол жеткізу.
Сала
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
Нәтижесінде
Деректерді қашықтықтан есепке алу аспаптары орнатылды.