Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін автоматтандыру

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының IV бөлімі 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80% электрондық форматқа көшіру тапсырылды. Осыған байланысты, Шымкент қаласының әкімдігі 2019 әлеуметтік сұранысқа ие қызметтер тізімін автоматтандыруды жоспарлады.

Жоспар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында гранттарды қалыптастыру мен бөлуді автоматтандыру, құжаттарды қабылдау, электрондық журналды енгізу, оқытушылар мен аудиториялық қорды жүктеуді басқару көзделеді.

Жоба техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында гранттарды қалыптастыру мен бөлуді, құжаттарды қабылдауды автоматтандыруды, электрондық журналды енгізуді, оқытушылар мен аудиторлық қорды электрондық түрде басқаруды көздейді.

Бүгінгі күні порталда college.snation.kz 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Мақсаты

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында гранттарды қалыптастыру мен бөлуді, құжаттарды қабылдауды автоматтандыруды, электрондық журналды енгізуді, оқытушылар мен аудиторлық Қорды электрондық түрде басқаруды жүзеге асыру.

Сала

Білім

Нәтижесінде

8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
  • Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну;
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау;
  • Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру.