Артқа

Елшиева Альбина Балғабайқызы

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Жалпы ақпарат, білімі

Туған күні – 13 қараша 1977 жыл

Білімі жоғары.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген, филология ғылымдарының магистрі.

Мансап

Еңбек жолы:

1999-2000 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының Туризм және спорт департаментінің жетекші маманы;

2000-2005 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бас маманы;

2005-2007 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы;

2007-2009 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;

2009-2011 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру инпекторлық бөлімінің меңгерушісі;

2011-2015 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы;

2015-2016 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы;

2016-2017 ж.ж. – «Шымкентпромстрой» ЖШС-нің атқарушы директоры;

2017-2020 ж.ж. – «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжі» МКҚК-ның директоры;

02.2020-09.2020 ж.ж. – Түркістан облысы «№17 Колледжі» МКҚК-ның директоры;

2020-2021 ж.ж. – «Шымкент қаласының білім басқармасының «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның директоры;

2022-2023 ж.ж. – жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы;

2023 жылы наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін – сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы.

Еңбекші ауданы «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы.