
Қала аумағында 36 сауда базары болған. Бүгінгі таңда
6 базар жұмысын тоқтатқан (4 әмбебап - «Евразия», «Әсел», «Алтын Орда»,«ЮжТранс» сауда базарлары.
2 мамандандырылған - «Айзара», «Ынтық ата» мал базарлары). 30 сауда базары жұмыс атқаруда. Оның ішінде, әмбебап – 13, мамандан-дырылған – 17.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес 19 базар модернизациядан өтуге жатады. Бүгінгі таңда 14 базарда реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.
Олар, әмбебап базарлар 8 - «Бекжан», «Исатай (Алатау)», «Жабық базар», «Көктем», «Жаңа шахар», «Көмеш бұлақ», «Дархан», «Нұр Сайрам».
Сонымен қатар, мамандандырылған базарлар 6 - «Шымкент Тұлпар», «Барыс», «Жібек Жолы», «Назым апа», «Акбар», «Ынтық ата» мал базары.
Сондай-ақ, қаладағы 4 әмбебап базарда модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Модернизациялау жұмыстары сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтірілуде.
Аяқталу мерзімдері келесідей:
2024 жылдың ІV тоқсаны - «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Самал» базарлары жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. С.М.Жұманғаринмен 2023 жылдың 30 наурызда бекітілген сауда
базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасына, аталған базарларда модернизациялау жұмыстары жүргізілуде.
«Айна» сауда базары ағымдағы жылдың қараша айында модернизациялау жұмыстарын толық аяқтады.