АЭС: ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҚ ЭНЕРГЕТИКАҒА ДАЙЫНДЫҒЫН АРТТЫРУ

Авимед көпсалалы колледжінің студенттері арасында Атом электр станциясының (АЭС) салынуының пайдасы мен әсері бойынша кездесу өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттерге АЭС-тың маңызы, оның қоршаған ортаға және экономикалық жағдайға әсері туралы жан-жақты ақпарат беру болды. Кездесу барысында атом энергиясының экологиялық тұрғыдан тиімділігі, тұрақты энергия көздерін дамытудағы рөлі, сондай-ақ атом станцияларының қауіпсіздігі туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, АЭС құрылысымен байланысты артықшылықтар мен қауіптерді талқылады.