Меню
Страницы

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА БІР УАҚЫТТА СУ, ЖАРЫҚ, ГАЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

60 мыңнан астам халық қоныстанған Қайнарбұлақ елдімекенінде бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылып жатыр. Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сондай-ақ елдімекеннің бір бөлігіне табиғи газ да келеді.

Ал тұрғын алаптағы электр қуаты маусым айында іске қосылады. Жоспар бойынша желтоқсан айында аяқталуы қажет нысан, халықтың талабына сай мерізімнен бұрын пайдалануға берілмек. Қазірдің өзінде жұмыс 95 пайызға аяқталған. Жалпы, 70 шақырымдық электр жүйесі жүргізіліп, 2 760 абонентті электр қуатымен қамту көзделіп отыр.Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «А.МЕРЕЙ И К» ЖШС-і.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қорытындысымен нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі.

Қайнарбұлақ елдімекенінде табиғи газ құрылысы да қатар жүріп жатыр. Биыл бір бөлігінде жұмыс аяқталып, халық көгілдір отынға қосылады. Ал қалғаны 2024 жылға өтпелі.

2023 жылы қала бойынша табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарда.

Социальные медиа
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы