Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
22 қаңтар 1988 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.
Білімі
2005 жылы – Ақтау қаласындағы №4 мектеп-гимназияны бітірген.
2005–2009 жылдары – М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік химиялық технология академиясында «Химиялық технология және биотехнология» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2009–2011 жылдары – М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік химиялық технология академиясында «Химиялық технология және биотехнология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Мансап
2011 жылы – «Мұнайхимия жабдықтау» ЖШҚ менеджері.
2012–2013 жылдары – «РБС-Холдинг» ЖШҚ жетекші менеджері.
2014 жылы – «РАН КОМПЛЕКТ» ЖШҚ жетекші менеджері, «Лимонте-Мұнайгазхимсервис» ЖШҚ сату жөніндегі маманы.
2015–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-химия өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысының міндетін атқарушы.
2016–2017 жылдары – Мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаменті Мұнай-газ-химия өнеркәсібі басқармасының сарапшысы.
2017–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Талдау жұмысы басқармасының басшысы.
2019–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты.
2022–2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы.
2023 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2023 жылғы қараша–желтоқсан айларында – Шымкент қаласы әкімдігінің «Қуатжылуорталық-3» МКК директорының міндетін атқарушы.
2023 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы қаңтарға дейін – Шымкент қаласы әкімдігінің «Қуатжылуорталық-3» МКК директоры.
2024 жылғы 19 қаңтардан бастап – «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының міндетін атқарушы.
2024 жылғы 2 сәуірден бастап – «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысы.