Шымкент қаласы 2026 жылғы 18 маусым
Ішкі талдау жүргізу обьектісінің толық атауы:
«Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма).
Ішкі талдау жүргізудің негіздері:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары және басқарманың 2026 жылғы 6 мамырдағы №9-н/қ бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың бағыты: Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:
Ішкі талдауға Шымкент қаласының қоғамдық кеңес төрағасы Б. Парманов пен қоғамдық кеңес мүшесі И. Шалабаев тартылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 13.05.2026-15.06.2026 ж.ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.01.2025 ж-15.06.2026 ж.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: А. Есимова.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының міндеттері:
1) Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты басымдықтарын іске асыру.
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өңірлік құжаттарын қалыптастыру және жүзеге асыру.
3) Жергілікті бюджетті жоспарлау.
4) Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты басымдықтарын іске асыру.
Басқарма 10 бөлімнен тұрады.
Басқарманың штат саны – 39. Еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 13.
Анықтама үшін: талдау қамтылған кезеңде 2025 жылы 2 мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданған (тәртіптік жаза алған екі қызметкер де басқа жұмысқа ауысты).
Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Қағиданың 4 тармағында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу және еңбек тәртібін сақтауды бақылау мақсатында сәйкестендіру картасы жүйесінде тіркеледі және мемлекеттік органның ғимаратына кіруге рұқсаттама ретінде қолданылады деп ескертілген.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшісінің тапсырмасына сәйкес, ақпараттық жүйе деректер бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің ғимаратқа кіру-шығу уақытына жүргізілген мониторинг нәтижесінде, басқарманың қызметкерлері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін кешігіп шығуы анықталмады.
Одан бөлек «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларының» 20- тармағына сәйкес, талдау мерзімі аралығында 3 мемлекеттік қызметшілер тағылымдамадан өткен, бұл жөнінде жоғары органға есептілік тапсырылды.
Үстемеақы бойынша:
Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Талдау барысында басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармада «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер функциялары» жоқ.
Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармада «Рұқсат етуші функциялары» жоқ.
Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармада «Бақылау-тексеру функциялары» жоқ.
функциялар мен міндеттерді тиімді орындау үшін оның қызметін қамтамасыз ету шығындарына бөлінген қаржы - 476 893,0 мың теңге болса толығымен игерілген сома 476 882,5 мың теңге.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және аймақтық департаментінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының» 2024 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізді.
Қаржылық аудитті жүргізу нәтижесінде, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің белгілері орын алмаған (үйлестірілген көлемінде және ресімдеу процесінде);
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармада «Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша» сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Басқармада «Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша» сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған;
Талдау обьектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер:
Алайда, қосымша қызмет көрсететін әлеуметтік мекемелер үшін (Мысалы: «Ізетті зейнеткер» КММ, «Тең Қоғам» КММ, «Белсенд іұзақ өмір сүру орталығы») штаттық норматив бекітілмеген. Яғни мекемелердің жүктемесі мен нақты штат қажеттілігі ескерілмей қалуда.
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер» үшін дәрі-дәрмекке арналған тұтыну нормативтері де бекітілмеген.
Бұл қажетті дәрілік заттардың көлемін анықтай отырып бюджетті жоспарлауға кедергі келтіруде.
Қосымша қызмет көрсететін әлеуметтік мекемелердің нормативті құжаттардың болмауы және «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер» үшін дәрі-дәрмекке нормативінің болмауы.
Ұсыныс:
Қосымша әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге арналған штаттық нормативтерді әзірлеп нормативтерді заңды түрде бекіту және арнаулы әлеуметтік мекемелерге қажетті дәрі-дәрмек көлеміне қатысты нормативтерді заңды түрде бекіту қажет.
Осыған орай, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге арналған штаттық нормативтерді әзірлеу туралы және «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер» үшін дәрі-дәрмекке арналған тұтыну нормативтерді заңды түрде бекіту үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылдың 29 мамырында № 41-08-04/398 шығыс хаты жоданды.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындау әдістемесі заңнама аясында қарастырылмаған. Осының салдарынан қызметті қаржы жылына жоспарлауға мүмкіндік болмауда.
Ұсыныс: Бюджеттік инвестициялық жобалардың және Инвестициялар іске асырылуына мониторинг жүргізуге құнын айқындау әдістемесін бекіту.
Бюджет қаржыларын тиімді және сапалы жоспарлау мақсатында, бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындауға түсініктеме беру туралы сұраныс хат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2026 жылдың 08 маусымында № 41-04-15/452 жолданды.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:
Құқық бұзушылық туралы ақпараттар орын алмаған, тәуекел анықталмаған;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау нәтижелері:
1) Қосымша әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге арналған штаттық нормативтерді әзірлеп нормативтерді заңды түрде бекіту қажет және арнаулы әлеуметтік мекемелерге қажетті дәрі-дәрмек көлеміне қатысты нормативтерді заңды түрде бекіту;
2) Бюджет қаржыларын тиімді және сапалы жоспарлау мақсатында, бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
-Қосымша әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге арналған штаттық нормативтерді әзірлеп нормативтерді заңды түрде бекіту қажет және арнаулы әлеуметтік мекемелерге қажетті дәрі-дәрмек көлеміне қатысты нормативтерді нормативтерді заңды түрде бекіту ұсынылады;
- Бюджет қаржыларын тиімді және сапалы жоспарлау мақсатында, бюджеттік инвестициялық жобаларды және Инвестициялар мониторингінің құнын айқындау ұсынылады.
Шымкент қаласының қоғамдық
кеңес төрағасы Б. Парманов
Шымкент қаласының қоғамдық
кеңес мүшесі И. Шалабаев
Топ жетекшісі
Басқарма басшысының орынбасары Н. Жылқыбаев
Басқарма басшысының орынбасары Қ. Жүсіпов
Басқарма басшысының орынбасары Ж. Олжатай
Бюджетті жиынтық жоспарлау
бөлімінің басшысы А. Абдуллаева
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
бөлімінің басшысы Э. Абильдаева
Бюджеттік инвестициялар және
мемлекеттік-жекешелік әріптестік
бөлімінің басшысы А. Журкабаева
Мемлекеттік аппарат,құқық
қорғау органдары бөлімінің басшысы С. Уйсимбаева
Экономикалық талдау
бөлімінің басшысы Л. Керимбекова
Білім, мәдениет салалары
бөлімінің басшысы Г. Омарова
Бюджетті талдау және қаржы-шаруашылық
бөлімінің басшысы А. Есимова
Әлеуметтік сала
бөлімінің басшысы О. Курбанов
Нақты секторды жоспарлау
бөлімінің басшысы Е. Мықбай
Түсімдерді жоспарлау және монторингілеу
бөлімінің басшысы М. Рахымбаев
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|