Шымкент қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әр-түрлі форматтағы АТТ іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шымкент қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әр-түрлі форматтағы АТТ іс-шаралар ұйымдастырылды.

2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нукежановпен бекітілген іс-шаралар Жоспары аясында Шымкент қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мамандары қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әр-түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру шеңберінде қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді. Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Оспанов Д., Анарбаев Қ., Әділбаева Ш., Тайтелиев Ф. тартылды. Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді. Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды. Кездесулерге БАҚ өкілдері: «Хан ТВ», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» және т.б. газеттер қатысты.

 

2023 жылдың 17 мамыр күні Сансызбай Құрбанұлы имамдарға дәріс оқыды. ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында  имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент орталық мешіт  «Ақида: жаңа  ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар»  және «Фиқһ: Ханафи мәзһабының намазға қатысты дәлелдері» атты танымдық аймақтық қос діни семинар ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ Найб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды. Жалпы семинар барысында шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы  ақида және шариғат мәселелері, жат ағымдардан сақтану жолдары мен уағыз-насихат жүргізу тәртібі, пәтуа беру ережесі сынды күрделі мәселелерді түсіндірді. Семинарға қалалық ЖАНТ мүшелері мен діни оңалту, шариғат және пәтуа саласына жауапты мамандары мен қала имамдары қатысып мол ақпарат алды.