Парақорлық-жүрек дерті

Парақорлық-жүрек дерті
ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы аумағында орналасқан 90 мешіттерде 50 мың астам адамдарға «Жүрек дерті және одан арылу жолдары» атты жұма уағыз-насихат айтылды.
Осы айта кетсек, аталмыш жұма тақырыбы аясын жан-жақты ашып, түсіндіру жүргізілді. Бүгінгі таңда, жүрек дертіне рухани кесел болып жабысқанпарақорлық пен жемқорлықты айтуға болады.
Осы жөнінде қала бойынша мешіттерде қосымша парақорлық пен жемқорлықтың ел дамуына зияны туралы кең көлемде түсіндіру жүргізілді. Жиын барысында имам дін тұрғысында пара бергенде, алғанда кінәлі екендігін айтып, барша қатысушыларды еңбекпен, адал табыс табуға шақырды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен күреске бірге атсалысайық.
Рухани шараның жоғары деңгейінде өтуіне аудандық мешіт имамдары мен қалалық Дін істері басқармасы, «Шымкент медресе» колледжі, қалалық «Зекет және қайырымдылық қоры», «Жастар ісі» секторы, «Әйел-қыздар секторы», «Әжелер» мектебінің мүшелері және т.б. мешіт жамағаттары қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі