2025 жылдың 22–24 желтоқсан күндері мектептер мен колледждердің психологтарына арналған «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы девиантты мінез-құлық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында оқыту семинары өткізілуде.
Оқыту семинарын Құдайбергенова А.Ж., психология магистрі, Алматы қаласы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің коммуникациялық дағдылар кафедрасының оқытушысы жүргізуде.
Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологтардың кәсібилігін арттыру, жасөспірімдер мен жастар арасында кездесетін девиантты мінез-құлықтың, суицидтік қауіп-қатердің алдын алу бойынша заманауи ғылыми негізделген тәсілдермен таныстыру және практикалық дағдыларды жетілдіру.
Оқыту барысында қатысушылар тәуекел топтарын ерте анықтау, психоэмоционалдық күйді бағалау, суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, кризистік жағдайдағы жасөспірімдермен тиімді коммуникация орнату әдістерін меңгеруде. Сонымен қатар нақты жағдайларға негізделген кейстер талданып, интерактивті тренингтер мен тәжірибелік жаттығулар жүргізілуде.