«EDUCAMPSHYM» ЖОБАСЫ ЖАЙЛЫ

Сипаттамасы

2025 жылдың 26 мамыр мен 27 маусым аралығында балаларды жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру мақсатында 7–10 сынып оқушыларына арналған жоғары оқу орындарымен «EduCampShym» атты ауқымды жоба іске асырылмақ.

 

Жобаны іске асырушы орындар: Шымкент қаласы ЖОО-мен серіктестік аясында.

Жобаны бастау және  іске асыру – 26 мамыр, 2025 жыл.  

Жобаның аяқталуы – 24 мамыр,  2025 жыл.  

 

Жобаның міндеттері:

Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, балалар лагерлерін ұйымдастыру;

Студент жастардың педагогикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында оларды тәрбиеші, аниматор, нұсқаушы ретінде тарту;

 Оқушыларды жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерімен таныстыру;

Мамандықтардың мазмұны мен ерекшеліктерін нақты көрсету арқылы кәсіби бағдар беру;

Оқушылардың жобалық, зерттеушілік және шығармашылық ойлауын дамыту;

Еңбекке, білімге құштарлықты арттыру арқылы тұлғалық қалыптасуға ықпал ету. 

ЖОО-мен серіктестіктің маңыздылығы

Жобаны сапалы іске асыру үшін жоғары оқу орындарының келесі бағыттарда қолдау көрсетуі қажет:

  • Оқу-ғимараттық базаны (лабораториялар, спорт залдары, жатақханалар, мәжіліс залдары) уақытша пайдалану;
  • Педагогикалық, психологиялық, спорттық және шығармашылық бағыттағы оқытушылар мен студенттерді тарту;
  • Жазғы мектептер, квесттер, тренингтер ұйымдастыру;
  • Волонтерлік қызметті дамыту;
  • Университет факультеттерінде шынайы практикалық сабақтар өткізу;
  • Зертханалық жұмыстар мен интерактивті таныстырылымдар жүргізу;
  • Студенттер мен оқытушылар тарапынан менторлық қолдау көрсету;
  • Кампус-турлар, бейнероликтер және мотивациялық кездесулер ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы артады;
  • Университеттер мен мектептер арасында тұрақты байланыс орнайды;
  • Әлеуметтік серіктестік нығайып, білім беру жүйесіне деген сенім артады;
  • Балалардың жазғы демалысы мазмұнды әрі қауіпсіз өтеді.

 

 

 

Жобаның басты мақсаты

Жобаның басты мақсаты – оқушылардың жазғы уақытын тиімді пайдаланып, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, бұл жоба арқылы жасөспірімдерге еңбекке баулу мен кәсіби әлеуетті дамыту міндеттері де шешімін табады.