Мақсатты мектеп жобасы

Сипаттамасы

Жоба статусы:Орташа.Жобаға бастамашы: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 (2.2, 2.3-тармақтар) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж (3.2, 3.3-тармақтар) хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру.

Жобаны іске асырушы орындар:Шымкент қаласы бойынша.

Жобаны бастау және  іске асыру – тамыз, 2024 жыл.  

Жобаның аяқталуы – желтоқсан, 2029 жыл.  

 

 

Мақсаты

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру.

 

 

Мақсатты мектеп жобасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 (2.2, 2.3-тармақтар) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж (3.2, 3.3-тармақтар) хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында Шымкент қаласы бойынша 40 мақсатты мектеп анықталды.

Мақсатты мектептермен жұмыс жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсенің жұмысына жауапты қызметкерлердің құрамы бекітілді. «Өрлеу» БАҰО АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының базасында 29.07-9.08.2024 жылы Жобалық кеңсенің құрамына кірген әдіскерлер, 12.08-30.08.2024 жылы мақсатты мектептердің педагогтерді біліктіліктерін арттырды.

2024 жылғы 15 тамызында цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында өткен «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы педагогтердің қалалық тамыз кеңесінің аясында куратордың қатысуымен мақсатты мектептердің басшыларымен тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының нұсқаулығына сәйкес мақсатты мектептердің жеке портреті, жұмыс жоспары әзірленді. Жобалық кеңсенің жұмысына жауапты әдіскерлердің мақсатты мектептермен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілуде. Білім беру ұйымдарына оқушылардың білімінің олқылықтарын толықтыру және білім сапасын арттыру бойынша жұмыстың алгоритмін жасап, мектептерге ұсынылды.

2024 жылғы 10-19 қыркүйек аралығында негізгі пәндер бойынша білім алушылардың біліміне «О»-дік білім кесіндісін жүргізілді. Мақсатты мектеп директорларымен мектепті дамыту бағдарламасын талқылау бойынша кездесу өтті.

Қазіргі таңда мақсатты мектеп педагогтерінің оқу мен оқыту/бағалау саласындағы қажеттіліктерін диагностикалау жұмыстары жүргізілуде.