ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы мен №1 TALANT жалпы білім беру мектебінің ұйымдастыруымен оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой – өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру, функционалдық сауаттылықтарын дамыту мақсатында өткен «ББЖМ: математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша оқу мақсаттары» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті. Ұстаздарға арналған тәжірибелік семинардың шымылдығын №1 TALANT жалпы білім беру мектебі директорының оқу істері жөніндегі орынбасары А.А.Тултебаева ашып берді.
Қалалық семинарға қаланың 20 жеке меншік мектебінен 30 мұғалім, жалпы саны 50 – ге жуық педагог қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала мектептерінен келген пән мұғалімдеріне еркін форматтағы сауалдар беріліп, арнайы сый-сыяпаттар табыс етілді. Қалалық семинарда №1 Talant жалпы білім беру мектебінің ұстаздары ашық сабақтар өтіп, оқу мақсаттарын оқушыларға толық игерту бойынша білім беру жүйесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар,10-11 сынып оқушылары арасында «Білгірлер сайысы. Кім? Қайда? Қашан?» конкурсы өткізілді. Қалалық семинар соңында әрбір педагогтың сабақтарына талдау жасалып, қала мектептерінің мұғалімдерімен кері байланыс жүргізілді. Қорытындылай келе, «№1 Talant» жалпы білім беру мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тултебаева Асемкуль Ажмухановна сөз сөз алды. Қалалық тәжірибелік семинар өз мақсатына жетті.
Направления деятельности