🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

🎒 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

✍🏻 Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінде басталып, 31 тамызы аралығында жалғасады.

🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына, БҒМ бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады. Құжаттарды egov.kz электрондық үкіметтің порталы арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

🔹 Портал арқылы жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) денсаулық жағдайы туралы анықтамалар №065-у нысанындағы "Профилактикалық екпелер картасы" және №052-2/у нысанындағы "Баланың денсаулық паспорты";
3)өлшемі 3х4 см сурет.

📌 Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!