«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 11302 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларында:
1-тарауда. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын жылқылармен жабдықтау нормасы»:
8-тармағының ескертпесін мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жылқының шекті жасы – 15 жыл»;
2-тарауда. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын иттермен жабдықтау нормасы»:
5-тармағының ескертпесін мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Иттің шекті жасы – 8 жыл 3 ай».
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
«___» ___________ 20__ жыл
407
07 маусым 2022 11:05
07 маусым 2022