

Өткізу пункттеріндегі режим – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункттеріне кіру, оларда болу, жүріп-тұру және олардан шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, орналастыру, өткізу, әкету тәртібі Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңмен белгіленеді.
Өткізу пункттерінің аумағы режимдік аумақ болып табылады.
Өткізу пункттеріндегі режим:
1) адамдардың, көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі, жүктердің және тауарлардың өткізілуі;
2) өткізу пункттеріндегі жабық орындарға, үй-жайларға (объектілерге), сондай-ақ шетелге бара жатқан көлік құралдарына бөгде адамдардың кіруі мүмкіндігін болғызбауға тиіс.
Өткізу пунктіндегі режимді бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады және ол өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, болу, жүріп-тұру, шығу; жүктер мен тауарларды әкелу, орналастыру, өткізу, әкету тәртібін сақтау жөніндегі тексеру және өзге де іс-шараларды өткізуді білдіреді.
Осы тараудың күші Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға және жүру жолында шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу кезінде теміржол көлігі құралына қолданылады және олар аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, әкету тәртібі
Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының кіруі, шығуы, жүктер мен тауарларды әкелу, әкету, оларда Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік құралдарына құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады.
Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің, мемлекеттік кіріс органдары және өзге де органдар, көлік ұйымдары қызметкерлерінің өткізу пункттеріне кіруі:
1) теміржол, автомобиль, теңіз және өзен өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
2) авиациялық өткізу пункттерінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады.
Өткізу пункттеріне кіруге, шығуға рұқсат беру тәртібі (арнайы рұқсаттамалар негізінде) жоғарыда аталған органдар мен ұйымдардың қызметтік көлігіне қатысты да белгіленеді.