Шекара қызметі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режимі қолданылады.

Мемлекеттік шекара режимі:

1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;

2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту;

3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;

4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;

5) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;

6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтиды.

Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту:

1) құрлықта, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында – халықаралық теміржол, автомобиль, өзен және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында;

2) әуе кеңістігінде – Мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері бойынша;

3) теңізде – халықаралық теңіз қатынасы жолдарында белгіленетін теңіз дәлiздерi шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.

 

Документы
НҚА жобасы
10 мая 2024
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының геодезиялық пункттерін топографиялық және арнайы карталармен және координаттар каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы " бұйрығының жобасына
Бұйрық
21 мая 2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Бұйрық
20 апреля 2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Об утверждении правил оказания государственных услуг Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан
Новости
Полезные материалы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 37 (6223) басылымы
"Шекарашы" №4 (145) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 36 (6222) басылымы
Медиагалерея
0
Шекара қызметі: әрдайым сақ боламыз!
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы