Шекара қызметі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ашылған өткізу пункттерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда жүргізіледі.

Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ олардың жұмысын техникалық жарақтандыру және ұйымдастыру бойынша талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Өткізу пункттерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде жауап беретін бақылаушы органдардың бөлімшелері орналастырылады.

Өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау сызығы қолданылады.

 Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіруі және аумағынан шығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Инкассация қызметінің арнайы автомобиль көлігінің кіруі мен шығуын жүзеге асыру пломбаланған инкассаторлық қаптарды (сөмкелерді) ашпай, оны жете тексеру (қажет болған кезде) арқылы жүргізіледі.

Тасымалданатын бағалы жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инкассация қызметі жұмыскерлерінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдалануға, қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу Қазақстан Республикасына кіру немесе Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттар болған, сондай-ақ осы адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де бақылаушы органдардың көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету құқығына рұқсат беру белгілері болған кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу шекаралық бақылау рәсімі біткеннен кейін және өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын шегінен адам, көлік құралы шыққан немесе жүктер мен тауарлар әкетілген кезде аяқталды деп есептеледі.

Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген не кіруі шектелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Өткізу пунктіне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келген және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін негіздері жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өздері қайдан келсе, сол елге немесе өзі азаматы болып табылатын елге қайтарылады.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында тікелей белгіленеді, оларда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес оңайлатылған өткізу пункттері жабдықталады.

Мемлекеттік шекара арқылы оңайлатылған өткізу пункттерінде жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсаттарда өткізуге тыйым салынады.

 

Документы
Жоба
05 марта 2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім
Жоба
06 февраля 2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
"«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының жобасы
Заң
18 ноября 2015
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
О противодействии коррупции
Новости
Полезные материалы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 41 (6227) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 42 (6228) басылымы
"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 40 (6226) басылымы
Медиагалерея
1
Шекара қорғаушылары құттықтау
1
Шекарашылар экологиялық қауіпсіздікті сақтауда
События
25 мая
Мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселелері бойынша онлайн-конференция
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы