Артқа

Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлы

Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры, генерал-майор

Жалпы ақпарат, білімі

Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары шекаралық командалық училищесі (1987 ж.);

КСРО МҚК жоғары курстары (1990 ж.);

Беларусь Республикасының Әскери академиясындағы магистратура (2018 ж.).

II дәрежелі «Айбын» және «Мужество» ордендерімен, сондай-ақ ведомстволық медальдармен наградталған.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді.

Мансап

1987–2022 жылдары – ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет;

2022 жылғы мамырдан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры.