Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Ақтөбе облысы бойынша аймақтық бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңАқтөбе облысы бойынша  аймақтық бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңАқтөбе облысы бойынша  аймақтық бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты:1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.

Міндеттері:1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
2. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
 7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.

Іске асыру мерзімдері: 2020 – 2025 жылдар

Нысаналы индикаторлар:1. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 85,3 %, 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 % қамту.
2. PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық зерттеуіндегі 15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері – математика – 480 балл, оқу – 450 балл, ғылым және жаратылыстану – 490 балл.
3. Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты индексі – 0,73 балл.
4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі – 75 %.

Қаржыландыру көздері және көлемі:  Бағдарламаны іске асыру үшін 2020 – 2025 жылдары 540,9 млрд. теңге (республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ) – 294,7 млрд. теңге, (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ) – 242,2 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 4,1 млрд. теңге) мөлшерінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады, оның ішінде:
2020 – 60,3 млрд. теңге
2021 – 79,6 млрд. теңге
2022 – 92,4 млрд. теңге
2023 – 103 млрд. теңге
2024 – 103,1 млрд. теңге
2025 – 103,4 млрд. теңге
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің, мемлекеттік жекешелік әріптестіктің мүмкіндігіне қарай және басқа да балама көздерді тарта отырып нақтыланатын болады.

 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Ақтөбе облысы бойынша аймақтық бағдарламасы 

Faza projekta
75%