Конкурс өткізу туралы хабарландыру

"Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" ММ "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар ұсынуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ақпараттық жүйеде және оның «Qoldau.KZ» веб-платформасында
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:
- «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101302, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 108, 25,26,28,29-кабинеттер, электрондық пошта мекенжайы: satp_opr@krg.gov.kz; байланыс телефоны: 8 (71063) 38688, 34418, 38701, 37453;
- «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары байланыс телефоны: 8 (775) 178-83-70.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2021ж. "12" қарашадан бастап 2021ж. "19" қарашаға дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik?lang=ru.