Меню

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Нұра ауданының әкімдігінің

2023 жылғы "01" маусымдағы

№ 20/09 қаулысының

8 қосымшасы

 

 

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

 Ережесі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ) агроөнеркәсіптік кешен саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің ведомстволары жоқ.
  3. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Тәуелсіздік көшесі, 41.
  10. Осы Ереже «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
  13. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жобалық басқаруды жүзеге асырады. Жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бөлімнің жобаларын жоспарлау және іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етуде аудан әкіміне, әкімдігіне көмек көрсету;

3) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

4) аудандағы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, әлеуметтік және экономикалық үдерістерді өз өкілеттін аясында басқару, осы мақсатта барлық жергілікті атқарушы билік органдарымен келісе отырып жұмыс жасау;

5) ауданның, оның ішінде ауыл шаруашылығының кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті өкілді органмен өзара іс-қимыл жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

- соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру.

2) міндеттері:

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

- жеке және заңды тұлғаларға құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы саладағы заңнамаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

4) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;

5) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну болып табылады;

6) аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

7) бөлім жұмысын, әкімдік отырыстарын, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

12) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

13) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу;

14) аудан бойынша тұқым балансын жасау;

15) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

16) тиісті аумақта тұқымдық ресурстардың мониторингін жүзеге асыру;

17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;

18) кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

19) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

20) жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасын әзірлеу және бекіту;

21) жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы жайылым пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру;

23) жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесіне бөлімнің жобаларын, жобалар бойынша мәліметтердің еңгізілуін және (немесе) уақтылы еңгізілуін қамтамасыз етеді;

24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

 

 

  1. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының

мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мүддесін білдіреді;

2) «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің жұмысына басшылық жасайды және өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады;

3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

5) бөлім қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті 100900, Тәуелсіздік 43 
Қызметтік телефон  + 7 (72144) 22-3-70  21-7-32
1
Пресс центр
Мемлекет басшысы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздестіМемлекет басшысы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздесті
Направления
Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есеп
Полезные ссылки
Документы
2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп
2026-06-19T15:58:00Z
2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп
2026-06-19T15:54:00Z
2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы есеп
2026-06-19T15:53:00Z
Вакансии
Календарь событий
Телефоны экстренных служб

103

Жедел жәрдем

103

Жедел жәрдем

102

Полиция

104

Газ қызметі

104

Газ қызметі

101

Өрт қызметі

101

Өрт сөндіру қызметі

102

Полиция

109

Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы

101

Өрт сөндру қызметі

109

iKomek

112

Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет

109

Ақтау БҚО-109

104

Газ қызметі

103

Жедел жәрдем

104

Газ қызметі

101

Өрт сөндіру қызметі

103

Жедел жәрдем

101

Өрт сөндіру қызметі

109

Костанай қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы

102

Полиция

102

Полиция

104

Газ қызметі

103

Жедел жәрдем

109

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы

102

Полиция

104

Газ қызметі

103

Жедел жәрдем

1424

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

112

ТЖ құтқару қызметі

103

Жедел жәрдем

1415

Бірыңғай медициналық байланыс орталығы

101

Өрт сөндіру қызметі

150

Психологиялық көмек қызметі

+7 (7172) 719-458

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің сенім телефоны

104

Газ қызметі

112

Төтенше құтқару қызметі

111

Балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефоны

103

Жедел жәрдем

101

Өрт сөндіру қызметі

104

Газ қызметі

1424

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

1300

Бірыңғай медициналық call-орталық

102

Полиция

112

ТЖ құтқару қызметі

101

Өрт сөндіру қызметі

1424

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

103

Жедел жәрде

112

Жедел құтқару қызметі

103

Жедел жәрдем
Услуги
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу
Руководство
Галерея
Слайды
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы