ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми жобалар және бағдарламалар басқармасының сарапшысы
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы, философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы немесе бейіні бойынша доктор, сондай-ақ Intermediate (B1) және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін меңгергендігін растайтын сертификат.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламалары конкурстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысу; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеуге қатысу; ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау; ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.10.2020
- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, кабинет № 1038
-
74-20-25