Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің әкімшілік-қаржы басқармасының бас сарапшысы
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
ғылым дәрежісінің болу мүмкіндігі
Функционалды міндеттер
Ғылым саласында жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және дайындауды жүзеге асыру. Ғылыми ұйымдардың қызметін қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету бөлігінде жаңадан әзірленетін бағдарламалар мен жобалар бойынша қаржылық-экономикалық негіздемелерді дайындауды жүзеге асыру. Ғылым саласындағы ғылыми зерттеулердің бюджеттік өтінімдерін жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру және оларды ҚР Қаржы министрлігінде келісу. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың жоспарланатын жылға арналған даму жоспарын бекіту: қаржыландырудың жылдық жоспарын бекітуге; ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің экономикалық дамуын болжауға; ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру тиімділігінің қаржылық-экономикалық талдауын қалыптастыруға және ғылыми - техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға қатысады. Келісім-шарт жобаларын дайындау және жасау және оларды одан әрі сүйемелдеу. Бюджеттік қаражатты уақытында игеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.10.2020
- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, кабинет № 1038
-
74-20-25