ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Әкімшілік-қаржы басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы.

Функционалды міндеттер

Қосымша ақылар мен үстемелерді қоса алғанда, ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру. Мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде іске асырылған қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне көмек көрсету. Шетелде кадрлар даярлауға арналған шығыстарды жоспарлауға қатысу. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың негізгі құралдарды есептен шығару құжаттарын қабылдауды және қарауды жүзеге асырады. Іргелі және қолданбалы зерттеулер, республикалық мақсатты ғылыми-техникалық және басқа да бағдарламалар бойынша Комитетке ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың толық және уақтылы қаржыландырылуын бақылауды қамтамасыз ету. Комитетті материалдық жарақтандыру бойынша Мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу. Мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстардың орындалуын жүзеге асыру (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, өндіріс шығындарының, өнімді сату шығындарының, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебі, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін және т.б.), Бас бухгалтерлік кітапты жүргізеді. Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысымен байланысты операцияларды көрсету. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың есебін жүргізу. Аппарат бойынша дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру. Комитет бұйрықтарының жобаларын, Үкіметтің, Есеп комитетінің, Парламенттің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (сұраулары) бойынша жауаптарды дайындауды жүзеге асыру. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуына жауапкершілік, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеу. Бюджеттік қаражатты уақытында игеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Бюджет қаражатын көшіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Бухгалтерлік есептің тиісті шоттары бойынша мемориалдық ордерлерді жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2020 – 18.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.09.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, Административное здание «Дом Министерств», подъезд 11, кабинет № 1038

Анықтама алу үшін байланыс

74-20-25