Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Мемлекеттік қызметтер көрсету және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезеңіне 05.03.2022 ж. дейін).
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін міндеттердің тиісінше орындалуы үшін дербес жауапты болу. Директивтік құжаттардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың сұраулары бойынша жауаптар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар беру. Ғылым комитетінің төрағасында аппараттық кеңестердің хаттамаларын жүргізуді және қабылданған шешімдердің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуді үйлестіруді жүзеге асыру. Директивтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері туралы Комитет және құрылымдық бөлімшелер басшылығын хабардар ету. Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне рейтингтік бағалау жүргізу үшін мерзімдерді бұза отырып орындалған құжаттар бойынша ай сайынғы жиынтық есепті жасау. Комитет басшылығы үшін тоқсан сайынғы және жылдық есепті, құжат айналымының көлемі және орындаушылық тәртіп туралы анықтамаларды дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрдің, вице-министрлердің, комитет төрағасының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Істер номенклатурасын және ведомстволық мұрағатты жүргізуді жүзеге асыру. Бланкілердің берілуіне және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру; кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналын жүргізу. Комитеттің кіріс және шығыс хат-хабарларын ЭҚАБЖ арқылы электрондық форматта немесе қағаз тасығыштарда адресаттарға жіберуді жүзеге асыру. Комитеттің және ведомстволық мұрағаттың істер номенклатурасын жүргізу. Комитеттің почтасын жөнелтуді және қабылдауды жүзеге асыру, жіберілген хат-хабарлар бойынша аванстық есептілікті жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін комитет мәселелері бойынша Комитет төрағасының, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «ҚР Тілдер туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, орындаушылық тәртіптің талаптарын сақтау бойынша қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ тоқсан сайынғы және жыл сайынғы (статистикалық) есептерді ұсыну.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.09.2020
- г. Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, Административное здание «Дом Министерств», подъезд 11, кабинет № 1038
-
8 (7172) 74-20-25, 74-24-60