Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін міндеттердің тиісінше орындалуы үшін дербес жауапты болу. Ғылымды цифрландыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету және орындау. Ғылым комитетінің web-сайты бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және орындау. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру. Басқарма құзыретіне кіретін комитет мәселелері бойынша Комитет төрағасының, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау. Басқарма құзыреті шеңберінде министрліктің департаменттерімен өзара іс-қимыл жасау; ҚР заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.09.2020
- г. Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, Административное здание «Дом Министерств», подъезд 11, кабинет № 1038
-
8 (7172) 74-20-25, 74-24-60