Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ғылыми жобалар және бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Желательно наличие ученой степени, степени доктора философии (PhD) или доктора по профилю, а также сертификата, подтверждающего владение английским языком на уровне Intermediate (B1) и выше.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары конкурстарын өткізуді ұйымдастыру; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеуге қатысу; ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау; ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.09.2020
- г. Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, Административное здание «Дом Министерств», подъезд 11, кабинет № 1038
-
8 (7172) 74-20-25, 74-24-60