Ғылыми жобалар және бағдарламалар басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор болуы қажет, сондай-ақ, Intermediate (B1) және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін меңгергендігін растайтын сертификат.

Функционалды міндеттер

Қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындау, Басқарма құзыретіне кіретін міндеттердің тиісті орындалуына дербес жауапты болу. Басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы және жедел қарауды қамтамасыз ету; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламалары конкурстарын өткізуді ұйымдастыру; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеуге қатысу; ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау; қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін талдау, олардың нәтижелілігін арттыру тәсілдерін әзірлеу; ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру; басқарма жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.08.2020 – 05.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.08.2020

Сұхбаттасу орны

Комитет науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, 010000, г. Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, Административное здание «Дом Министерств», подъезд 11, кабинет № 1038

Анықтама алу үшін байланыс

74-20-25; 74-19-05