ҚР БҒМ ҒК Әкімшілік-қаржы басқармасының басшысы
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау; Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болу; Мемлекеттік қызмет туралы ҚРЗ орындау бойынша Басқарма қызметін үйлестіру; Ғылым комитеті қызметкерлерінің ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін сақтауын бақылауды жүзеге асыру; өзінің күнделікті қызметі мен жұмысында заңнаманы нақты және бұлжытпай сақтау бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаудың жолын кесу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу; арнайы тексеруге материалдар жинау және жіберу, қызметкерлердің мемлекеттік құпияларға рұқсат беру жөніндегі құжаттарын рәсімдеуді қамтамасыз ету; тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың; аттестаттау және конкурстық іріктеу жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; кәсіби бейімдеу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру: Комитеттің кадрларға қажеттілігін талдау және жоспарлау, кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу; біліктілігін арттыру, қызметкерлерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлеу; қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру; кадрлар мониторингі, (қажет болған жағдайда Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп) бұйрықтар мен өзге де ұйымдастыру құжаттарының жобаларын және Басқарма қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу (қажет болған жағдайда Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп); Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындауға қатысу; қызметкерлерді ҚР мемлекеттік органдарының Интернет-порталына қосуды қамтамасыз ету, ҒК қызметкерлерінің жұмыс орнынан қызметтік тізімдер мен анықтамаларға қол қояды; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; басшылықтың қызметіне жедел-ұйымдастырушылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; Комитеттің ағымдағы қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және өткізуді ұйымдастырады; кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді үйлестіру; Комитетте және ғылыми ұйымдарда HR менеджментті жүзеге асырады; заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің басшылығына ғылыми ұйымдарда әкімшілік-басқару жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; ғылыми ұйымдардың сапалы әкімшілік - басқару құрамын қалыптастыру жөнінде және ғылыми ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының кадр резервін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; ғылыми ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының; ұйым басшылығының ұсынуы бойынша ғылыми ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнінде келісуге ұсыныстар енгізеді; Комитеттің құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлейді; құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп Комитет қызметкерлерінің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді; мемлекеттік қызметшілер құқықтарының, мемлекеттік қызметші этикасының және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; қызметкерлердің кәсіби дамуын, оның ішінде ғылыми ұйымдардың әкімшілік-басқару персоналының тағылымдамасын, даярлығын, қайта даярлығын, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етеді; ғылыми ұйымдардың басшыларымен еңбек шарттарын және оларды жасасу мерзімдерін жасайды және жүргізеді; қызметкерлердің еңбек кітапшалары мен қызметтік тізімдерін толтыруды ұйымдастырады; қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыруды ұйымдастырады; мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау; жұмылдыру дайындығы, Комитет қызметкерлерін әскери есепке алу және броньдау іс-шараларын ұйымдастырады, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру тиімділігінің қаржылық-экономикалық талдауын жүзеге асырады. Мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде іске асырылған қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне көмек көрсету. Ғылыми, ғылыми-техникалық саланы қаржыландыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Мыналар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру: қаржыландырудың жылдық жоспарын бекіту; Ғылым комитетін материалдық жарақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу; ғылымды қаржыландыру және тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін 3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша уәкілетті органның стратегиялық және операциялық жоспарына енгізу үшін ұсыныстар дайындау; ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен кәсіпорындардың негізгі құралдарды есептен шығаруға арналған құжаттамасын қабылдау және ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру; ғылыми зерттеулерді уақтылы қаржыландыру мен қаржыландырудың толықтығын бақылауды қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру. Бюджеттік қаражатты уақытында игеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.08.2020
- Комитет науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, 010000, г. Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, Административное здание «Дом Министерств», подъезд 11, кабинет № 1038
-
74-20-25; 74-19-05