2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы туралы

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы туралы
 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2024 жылдың 11 желтоқсанында 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына өтінім қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 580 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашасындағы №517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 154 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Әрбір өтінім бойынша Қағидалар мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі.

Тізім