Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ағымдағы жылдың 10 қаңтарында 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 22 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша 8 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Әрбір өтінім бөлінісінде ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша).