Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР Заңының 39-бабының 26-тармағына сәйкес 2020 жылға арналған реферативтік және толық мәтінді деректер базасына ұлттық жазылуды ресімдеу үшін халықаралық және (немесе) шетелдік ақпараттық ұйымдармен ақпарат беру бойынша (көрсетілетін қызметтердің құнын көрсете отырып) өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Қатысу үшін міндетті түрде растайтын құжаттарды (лицензия, сертификат, патент және т. б.) ұсына отырып, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналасқан халықаралық деректер қорын іріктеу бойынша техникалық ерекшеліктерге сәйкес болу қажет (www.sc.edu.gov.kz). Өтінімді түсіндіру және дайындау мәселелері бойынша консультацияларды келесі телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)74-24-83, 8 (7171) 74-24-57.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жылғы 24 желтоқсаннан бастап Нұр-сұлтан уақыты бойынша 2019 жылғы 27 желтоқсан 18 сағат 00 минутқа дейін.
Барлық коммерциялық ұсыныстар орыс немесе қазақ тілдерінде электронды түрде (PDF және Word – форматтарда) мына электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс: d.nurkenova@edu.gov.kz, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне міндетті түрде қағаз тасығышта және дискіде/флешкада (жапсырылған конверттерде) мына мекен-жай бойынша: Нұр-сұлтан қаласы, 010000, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер Үйі.
1-қосымша. Реферативтік халықаралық деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша техникалық ерекшелік.
2-қосымша. Толық мәтінді халықаралық деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша техникалық ерекшелік.
Көпшілікке арналған оферта болып табылмайды.