2020-2022 жылдарға гранттық қаржыландыру жөніндегі басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдері

Ғылым комитеті іске асыру мерзімі 27 айға арналған 2020-2022 жылдарға гранттық қаржыландыру жөніндегі «Энергетика және машина жасау», «Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар», «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар», «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі», «Өмір және денсаулық туралы ғылым», «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)», «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер», «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін Ғылым комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 171-нж бұйрығымен бекіткені туралы хабарлайды.

Жоғарыда аталған басым бағыттар бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің отырысы хаттамаларынан үзіндіге сәйкес 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі қоса беріледі (қосымша).

Сонымен қатар Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерімен мақұлданған 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша қоса берілген үлгіге сәйкес келісім-шарт жасасу қажет екенін хабарлайды (қосымша – келісім-шарт үлгісі).

 

договор
Дата публикации
10 ноября 2020