Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитетінде 2023 жылға арналған бюджеті 159 470 480 мың теңгені құрайды. Аталған қаражат мемлекеттік мекеменің ағымдағы қызметіне 1 112 338 мың теңге, мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар; ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында гранттық негізде ғылыми жобаларды іске асыруға, бағдарламалық-нысаналы қаржаландыруға, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге, халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жұмыс істеуі Астана қ. және Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметін қамтамасыз етуге, ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар үшін күрделі шығыстарға 146 537 916 мың теңге, базалық қаржыландыруға - 10 080 658 мың теңге, пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелері үшін ақпараттық және әдістемелік қызметтер көрсету, сондай-ақ ғылыми басылымдармен кітапхана қорын қалыптастыру (баспа және электрондық ресурстар); ғылым бойынша Ұлттық баяндаманы дайындау және басып шығару, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу, және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептер, Қазақстан Республикасында қорғалған PhD диссертациялар, халықаралық дерекқорларға жазылу жөніндегі қызмет етуге - 1 697 081 мың теңге қаралды.