Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2019 жылғы рейтингіне сәйкес «Инновациялық әлеует» факторы бойынша Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 141 елдің арасында 87-орыннан 95-орынға төмендеді. Бұл фактор 10 көрсеткіштен тұрады және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің саны мен сапасын, қандай да бір елдің ортасы инновациялық ынтымақтастыққа, өзара байланысқа, өнертапқыштық пен әртүрлілікке ықпал ететін дәрежені көрсетеді.
COVID-19 пандемиясына байланысты Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің есебі 2020 жылдан бастап шықпады және шығу мерзімі 2023 жылдың қазан айына ауыстырылды.