ҒҒТҚН-ды коммерцияландыру жобаларын және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қоса қаржыландыру үлесі

Атауы

өлшем бірлігі

2020 жылғы

факт

2021 жылғы

факт

Орындалуы туралы ақпарат

ҒҒТҚН-ды коммерцияландыру жобаларын және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке қоса қаржыландыру үлесін 2026 жылға қарай 50 %-ға дейін ұлғайту

%

16

20

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және білім беру қызметімен қатар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары қызметінің басым бағыты болып табылады.

2016 жылдан 2018 жылға дейін ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар шеңберінде 193 жоба ҰҒК мақұлданды. 2021 жылы 120 жоба жалпы табысы 16,4 млрд. теңгеден асатын сату кезеңіне жетті. Жеке қаржыландыру көлемі 5,9 млрд. теңгені құрады.

 

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидалары
Дата публикации
18 апреля 2023