|
Атауы |
Өлшем бірлігі |
2020 жылғы факт |
2021 жылғы факт |
Орындау туралы ақпарат |
|
Бюджеттен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулердің жалпы санынан ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үлесі |
% |
25 |
26 |
«ҒҒТҚН коммерцияландыру туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында 2018-2020 жылдары жобаларды гранттық қаржыландыруға 3 конкурс өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша ҰҒК шешімдеріне сәйкес ҒҒТҚН-ны коммерцияландырудың 156 жобасы мақұлданды. Бүгінгі күні ҒҒТҚН коммерцияландырудың 156 жобасының 129 - ы іске асырылды. 2021 жылы Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша 40 жоба іске асырылды. 2021 жылғы Конкурс қорытындысы бойынша коммерцияландырудың 18 жобасы қаржыландыруға қосымша қолдау тапты. Сондай-ақ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да коммерцияландырудың 6 жобасы іске асырылды. 2021 жылы гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 1059 ғылыми жоба және 140 ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама, оның ішінде қолданбалы - 620 жоба және 117 бағдарлама іске асырылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 193 жоба коммерцияландырылды, бұл қолданбалы жобалардың жалпы санының 26,2% - ын құрайды. |