Қазақстандық ғылыми басылымдардың сапасын арттыру және оларды халықаралық деректер қорына енгізуге, сондай-ақ ғылыми журналдарға 2021-2023 жылдарға кешенді қолдау көрсету мақсатында Ғылым комитеті бекітілген нысанға сәйкес мүдделі ғылыми журналдардан өтінімдерді қабылдайды.
Іріктелген журналдарға мақалалардың қолжазбаларымен жұмыс процесін жеңілдетуге және автоматтандыруға, оларды рецензиялауға, редакциялауға, жариялауға және (немесе) таратуға мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше платформаларға жазылым беріледі.
Іріктеуге қатысу үшін ғылыми журналдар өз өтінімдерін қоса берілген нысанға сәйкес (міндетті түрде ілеспе хатпен, өтінімге басылымның бас және/немесе ғылыми редакторы қол қояды. Өтінімнің көлемі А4 форматындағы 5 беттен аспауы тиіс, Times New Roman қарпі, 12 кегль, бір жоларалық интервал (барлық жолдар 2 см)) жолдау қажет.
Өтінімдерді ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдардың тізіміне енген немесе оған кіруге үміткер барлық ғылыми журналдар бере алады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі – 2021 жылғы 16 тамыз.
Өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті келесі телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)74-24-83, 8 (702) 414 68 02.
Барлық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды түрде (PDF және Word – форматтарда) келесі электронды мекенжайға: kn@edu.gov.kz (көшірмесі: d.nurkenova@edu.gov.kz) және Ғылым комитетіне Нұр-Сұлтан қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.