Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына енгізілген өзгерістерге байланысты (ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 1207 бұйрығы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022, 2021-2023 жылдарға арналған (жас ғалымдар үшін және іске асыру мерзімдері 12 және 27, 36 айды құрайтын) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар бойынша жасалған шарттарға қосымша келісім жасау қажеттігі туралы хабарлайды (нысан қоса беріледі).
Қосымша келісімдерді 2021 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде екі данада ұсынуды сұраймыз!
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-жарты жылдығының кезеңі бойынша 2020-2022, 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау туралы хабарлайды (қабылдау кестесі және актінің нысаны қоса беріледі).
Актілерді дайындау кезінде келесі сәттерге назар аударуыңызды сұраймыз.
Шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес орындалған жұмыстарды сипаттағаннан кейін:
- 1-жартыжылдықта нақты орындалған жұмыстарды көрсету;
- зерттеу нәтижелері, бар боған жағдайда – басылымдардың, патенттердің және т.б. есепті кезеңде-авторлар, атауы, күні, нөмірі, баспа орны, беттер саны, журналдардың деңгейін, импакт-фактордың мәнін көрсету (Бар болса).
Бұл ретте, орындалған жұмыс туралы мәліметтер мен нәтижелер шарттың есепті кезеңдегі бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес келуі маңызды.
Актілерді алдын ала қарау жоғарыда көрсетілген бекітілген кестеге сәйкес келесі электрондық пошта адрестері арқылы жүзеге асырылады:
s.azambaev@edu.gov.kz – Азамбаев С.Б. тел. 8-7172- 74-20-29;
l.koishygulova@edu.gov.kz – Койшыгулова Л.Р. тел. 8-7172-74-24-68;
a.zheksembaeva@edu.gov.kz – Жексембаева А.Ш. 8-7172- 74-20-29;
sa.nurakhmetova@edu.gov.kz – Нурахметова С.А. 8-7172 -74-20-29;
g.kuramaeva@edu.gov.kz – Курамаева Г.Н. 8-7172 -74-20-29.