Құрметті гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобалардың орындаушылары!

ҚР БҒМ Ғылым комитеті орындалу мерзімі 12 айлық                2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау туралы хабарлайды (актінің нысаны қоса беріледі).

Актілерді дайындау кезінде келесі сәттерге назар аударуыңызды сұраймыз:

- шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес орындалған жұмыстарды сипаттағаннан кейін нақты орындалған жұмыстарды көрсету;

- алынған зерттеу нәтижелері, басылымдардың, патенттердің және т.б. есепті кезеңдегі ақпараттар (авторлар, атауы, күні, нөмірі, баспа орны, беттер саны), журналдардың деңгейі, импакт-фактордың мәні көрсетілуі қажет (бар болса).

Орындалған жұмыс туралы мәліметтер мен нәтижелер шарттың есепті кезеңдегі бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес келуі қажет.

Толық орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау (2 данада) - 2021 жылғы 10 маусымға дейін. 

Актілерді алдын ала қарау келесі электрондық пошта адрестері арқылы жүзеге асырылады:

b.sakhariyanova@edu.gov.kz – Сахариянова Б.Т. 8-7172 - 74-24-71.

zh.nauryzbaeva@edu.gov.kz – Наурызбаева Ж.С. 8-7172 - 74-20-89. a.sembieva@edu.gov.kz – Сембиева А.А. 8-7172-74-24-85.

Дата публикации
21 мая 2021